- admin
- 08.06.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
Бүгін Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді. Студенттер колледж аумағын абаттандыруға белсене қатысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Іс-шара барысында білім алушылар аумақты санитарлық тазалаудан өткізді: құрғақ бұтақтарды жинап, қоқыстарды тазалап, айналаны ретке келтірді. Сонымен қатар, жасыл желектерге ерекше көңіл бөлініп, студенттер бұрын отырғызылған ағаштарды суарып, олардың өсуіне жағдай жасады.
Тазалық жұмыстарына М-16 тобы қатысып, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Бірлескен еңбектің арқасында колледж аумағы бұрынғыдан да таза әрі көрікті бола түсті.
Мұндай іс-шаралар студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жанашырлық пен жауапкершілігін арттырады. Айта кету керек, бұл акциялар колледжде тұрақты түрде өткізіліп, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға бағытталған.


