- admin
- 28.05.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
Бүгін колледжде «Жалған діни ұйымдардың қауіптілігі» тақырыбында танымдық дәріс өтті. Іс-шараның спикері Руслан Жүсіпбекұлы студенттерге деструктивті діни ағымдардың қауіп-қатері мен оның салдары туралы кеңінен айтып берді.
Дәріс барысында жалған діни ұйымдардың негізгі белгілері, олардың жастарға әсер ету әдістері, сондай-ақ манипуляция мен психологиялық қысымнан қорғану жолдары қарастырылды. Спикер сыни ойлаудың, рухани сауаттылықтың және дәстүрлі құндылықтарды сақтаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Іс-шараға ПО-10 және СИБ-1 топтарының студенттері белсенді қатысты. Қатысушылар тақырыпқа қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға атсалысты.
Осындай іс-шараларды өткізу жастардың ақпараттық және рухани қауіпсіздік мәселелері бойынша білімін арттырып, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.





