- admin
- 20.05.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын қоғамда іске асыру аясында 2026 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының қолдауымен Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттерімен «Қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың, соның ішінде интернет-алаяқтықтың және жол-көлік оқиғаларының алдын алу» мәселесі бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында талдау және өтініштерді бақылау бөлімінің міндетін атқарушы басшысы Жидебаев Даулет Тұрарович студенттерге интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік шаралары және құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы айтып берді.
Сондай-ақ әңгіме барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау, жастар арасындағы құқықтық сауаттылық және қауіпсіз мінез-құлық мәселелері қозғалды. Студенттер белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Іс-шараға 1А-4 және 1Э-16 топтары қатысты.
#заң_мен_тәртіп
#закон_и_порядок




