- admin
- 15.05.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
Бүгін, 2026 жылғы 15 мамырда, біздің колледж студенттері Қостанай қаласының колледждері арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған «Біз заң мен тәртіп үшін – 2026» атты қалалық спартакиадаға қатысты. Жарыс Қостанай қаласының Орталық стадионында өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – дене шынықтыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу болды. Ұйымдастырушылар – Қостанай облысының прокуратурасы және Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы.
Біздің колледж жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
- Жданов Глеб армрестлинг бойынша 2 орын иеленді;
- Бекмағамбетов Жәнібек гір спорты бойынша жүгіруден 3 орын алды;
- КПВК командасы арқан тарту жарысында 1 орынға ие болды.
Студенттерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Бұл жетістіктер — табандылықтың, үздіксіз дайындықтың және жеңіске деген жігердің нәтижесі. Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!
Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы — Щербаков Виктор Вячеславич.




