- admin
- 14.05.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
Бүгін КПВК-де «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы аясында колледж аумағын тазалау жұмыстары жүргізілді. Іс-шара жастардың еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған «Еңбегі адал жас өрен» жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Акцияға М-16 тобының студенттері белсенді қатысты. Студенттер колледж аумағын қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Олар жауапкершілік, еңбекқорлық және табиғатқа деген жанашырлықтарын көрсетті.
Осындай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, ұйымшылдық пен еңбекке деген құрметті арттыруға ықпал етеді. Акция туған колледжіміздің тазалығы мен көркеюіне бірлескен еңбектің арқасында үлес қосуға болатынын көрсетті.
Педагог-ұйымдастырушы: Газизова Н.Б.
КПВК #ТабиғатқаҚамқорлықЖасаймыз #ЕңбегіАдалЖасӨрен #М16 #Экология #ТазаҚазақстан #ЭкоАкция #КПВКСтуденттері #Жастар #Тазалық





