- admin
- 14.05.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2026 жылғы 14 мамыр күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінің педагогтарына арналған «Педагог балалар арасындағы буллинг пен әлімжеттікке қалай қарсы тұра алады?» тақырыбында лекторий өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — педагогтердің буллинг мәселесі туралы хабардарлығын арттыру, жанжалдық жағдайларды дер кезінде анықтау және студенттер арасындағы әлімжеттік жағдайларына тиімді әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Лекторий барысында буллингтің негізгі белгілері, оның психологиялық салдары, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастырудағы педагогтің рөлі қарастырылды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі кибербуллингтің алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Педагогтерге буллингтің алдын алу және болдырмау бойынша келесі ұсынымдар берілді:
• студенттер арасында қауіпсіз әрі сыйластық атмосферасын қалыптастыру;
• буллинг белгілерін дер кезінде байқап, назардан тыс қалдырмау;
• әлімжеттік жағдайларына жедел әрі әділ әрекет ету;
• толеранттылық пен қарым-қатынас мәдениеті туралы профилактикалық әңгімелер жүргізу;
• зардап шеккен студентке психологиялық қолдау көрсету;
• агрессия танытатын студенттермен жеке жұмыс жүргізу;
- ата-аналармен, психологпен және колледж әкімшілігімен өзара
әрекеттесу;
• әлеуметтік желілер мен чаттардағы кибербуллинг көріністерінің алдын алу.
Осындай іс-шараларды өткізу білім беру ортасындағы психологиялық қауіпсіздікті нығайтуға және педагогтердің жастар арасындағы буллингтің алдын алу мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді.



