«Өрт қауіпсіздігінің негіздері: әр адам білуі тиіс»

Әрқайсымыз өз қауіпсіздігімізді есте сақтап, кез келген өмірлік жағдайда өзімізді және жақындарымызды қорғай білуіміз қажет.

Осыған байланысты 2026 жылғы 5 мамырда Қостанай политехникалық жоғары колледжінің базасында Қостанай облысының орта арнаулы оқу орындарының білім алушылары үшін Қостанай облысы Төтенше жағдайлар Департаменті (ТЖД) өкілдері Zoom платформасында интерактивті сабақ ұйымдастырып, өткізді.

     Іс-шараға келесі мамандар қатысты:

– азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, подполковник Найзатаев Н. С.;

– мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғаныс майоры Елеуов Р. Р.

         Сабақ келесі тақырыптарға арналды:

– «Өрт қауіпсіздігі ережелері»;

– «Тұрмыста және табиғатта өрттің негізгі шығу көздері».

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және өртті алдын алу.

ТЖД қызметкерлері аталған тақырыптар бойынша қатысушыларға маңызды ақпарат жеткізді. Сабақ барысында білім алушылар барлық нұсқаулықтарды ескерудің және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың қаншалықты маңызды екенін талқылады.

Сондай-ақ қатысушылар төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін және жазатайым оқиғаның куәсі болған жағдайда не істеу керектігін қоса алғанда, қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелерін қайталады.

Ақпаратты АӘжТД педагог-ұйымдастырушылары

Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р. Р. дайындады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *