Қостанай қаласындағы № 8 мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуі

2026 жылғы 20 сәуірде Қостанай қаласындағы «№ 8 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де Қостанай политехникалық жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Контробаева Ж.Д. 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.

Іс-шараға 156 оқушы (6 сынып) қатысты. Оқушыларға колледждегі сұранысқа ие мамандықтар, оқуға түсу шарттары, білім беру ерекшеліктері (дуалды оқыту жүйесі мен өндірістік тәжірибе), сондай-ақ жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Оқушылар белсенділік танытып, мамандық таңдау және болашақтағы мансап мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.

Кездесу соңында қатысушыларға білім беру бағытын саналы түрде таңдау үшін ақпараттық материалдар таратылды.

Ақпаратты дайындаған: Контробаева Ж.Д.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *