Конституция – еліміздің негізгі Заңы

14 сәуірде  «Конституция – еліміздің негізгі Заңы»  атты интеллектуалдық ойын өткізілді.

Негізгі мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Интеллектуалдық  ойынға ПО-10, СИБ-1, Б-8 топтары қатысты. Ойын бес тақырыптық кезеңнен тұрды. Сайыс барысында қатысушылар Конституцияның негізгі ережелерін, оның жастардың күнделікті өміріндегі маңызын, сондай-ақ практикалық кейстер мен шығармашылық тапсырмаларды шешу арқылы азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің теңгерімін талқылады.

Ақпаратты дайындаған тарих пәнінің оқытушысы:        Ахметжанова Д.К.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *