«Біз біргеміз» психологиялық волонтерлік қозғалысының отырысы

«Ата-анам мені түсінбейді»

2026 жылғы 14 қаңтарда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Біз біргеміз» волонтёрлік қозғалысының ұйымдастыруымен «Ата-анам мені түсінбейді» тақырыбында отырыс өтті.

Іс-шараға «Біз біргеміз» психологиялық еріктілер белсенді қатысушылары –15 студент қатысты. Бұл шараның басты мақсаты — студенттерге ата-анамен тиімді қарым-қатынас жасау жолдарын үйрету және отбасындағы түсінбеушіліктің себептерін ашу. Тренинг барысында студенттермен бірге отбасылық жанжалдар мен реніштердің негізгі себептері талқыланды:

  • Буын арасындағы айырмашылық пен көзқарастардың сәйкес келмеуі;
  • Қарым-қатынастың аздығы және уақыт тапшылығы;
  • Өз эмоциялары мен сезімдерін дұрыс жеткізе алмау.

Іс-шара тек теориямен шектелмей, практикалық жаттығуларға ұласты. Студенттер «Мен-хабарламасы» әдісі арқылы қарсы тарапты айыптамай, өз сезімдерін мәдениетті түрде жеткізуді үйренді. Мысалы, «Сіз мені тыңдамайсыз!» деген айыптаудың орнына «Мені тыңдамаған кезде көңілім түседі» деп айту қарым-қатынасты әлдеқайда жақсартатыны дәлелденді. Тренинг соңында қатысушылар «Түсіністік көпірін» құрып, қарым-қатынасты жақсарту үшін баланың да, ата-ананың да жауапкершілігі бар екенін түсінді.Психологиялық саулық пен отбасындағы жылулық — әрбір студенттің сәтті әлеуметтік дамуының негізі болып табылатыны айқын.

Ақпаратты дайындаған: педагог-психолог Қайырғалиқызы Н.
#адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *