Кәсіптік бағдар беру

13 сәуір 2026 жылы Қостанай политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары Изделюева С.С., Ибраева М.Б., Бондарева Р.В. және Тулегенов Е.Н. Қостанай ауданы білім бөлімінің «Жуков негізгі орта мектебі» КММ, «Еңбек ауылының негізгі орта мектебі» КММ, «Александров жалпы білім беретін мектебі» КММ және «Надеждин жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 9-сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.

Кәсіптік бағдар беру кездесуі барысында оқушылар колледжде ұсынылатын мамандықтармен жан-жақты таныстырылды: дайындау бағыттары, оқу ерекшеліктері, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және кәсіби өсу перспективалары туралы айтылды. Сонымен қатар, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға түсіндірме берілді.

Кездесу соңында оқушыларға қосымша танысып, саналы таңдау жасау үшін үгіт-насихаттық ақпараттық материалдар ұсынылды.

Материалды дайындағандар: Изделюева С.С., Ибраева М.Б., Бондарева Р.В. және Тулегенов Е.Н.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *