«Әскери экспресс»

2026 жылғы 8 сәуірде Қостанай политехникалық жоғары колледжінде 1-курс студенттері арасында «Әскери экспресс» атты шеберлік сабағы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттерге Отанға деген сүйіспеншілікті, оның қорғаушыларына құрметті тәрбиелеу, сондай-ақ Отанға қызмет етуге деген ұмтылысты қалыптастыру.

Аталған іс-шараға СИБ-1, СИБ-2, ПО-10, ПО-11, М-15, Б-8, ЭС-25, СТ-9, А-4 топтарының студенттері қатысты.

Шеберлік сабағы бірнеше тапсырмалардан тұрды. Білім алушылар викторина сұрақтарына жауап берді, сөздер құрастырды, шифрларды шешті, ребустарды тапты, сондай-ақ көрнекті тұлғалардың портреттерін атады.

     Шеберлік сабағының қорытындысы бойынша:

– бірінші орынды ПО-10 тобының командасы иеленді;

– екінші орынды ПО-11 тобының командасы иеленді;

– үшінші орынды М-15 тобының командасы иеленді.

Іс-шара барысында студенттер АӘжТД пәнімен жақынырақ танысып, Отанды қорғау әрқашан, қазір де және болашақта да нағыз ер азаматтың абыройлы ісі болып қала беретінін түсінді.

Ақпаратты АӘжТД педагог-ұйымдастырушылары

Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р. Р. дайындады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *