«Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік ережелері»

        Әрқайсымыз өз қауіпсіздігімізді есте сақтап, кез келген өмірлік жағдайда өзімізді және жақындарымызды қауіп-қатерден қорғай білуді үйренуіміз қажет.

       Осыған орай 2026 жылғы 17 наурызда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде Қостанай облысының орта арнаулы оқу орындарының білім алушылары үшін Қостанай облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің өкілдері ZOOM платформасында интерактивті сабақ ұйымдастырып, өткізді.

Іс-шараға қатысқандар:

  • Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, подполковник Найзатаев Н.С.;
  • ТЖ алдын алу басқармасының аға инженері, азаматтық қорғаныс подполковнигі Муслипов Ш.А.;
  • Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғаныс лейтенанты Красота Г.С.

Сабақ келесі тақырыптарға арналды:

  • «112 жедел қызметі. Байланыс, хабарлау және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі»;
  • «2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы».

Аталған іс-шараның мақсаты – білім алушыларда төтенше жағдайлар қаупі туындаған кезде және орын алған жағдайда қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру.

Төтенше жағдайлар Департаментінің қызметкерлері қатысушыларға аталған тақырыптар бойынша маңызды ақпарат жеткізді. Сабақ барысында студенттер төтенше жағдайында барлық тетіктерді ескеріп, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың қаншалықты маңызды екенін талқылады.

Сондай-ақ білім алушылар қауіпсіздіктің негізгі ережелерін қайталады: төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін және жазатайым оқиғаға куә болған жағдайда не істеу қажеттігін игерді.

Ақпаратты АӘжТД педагог-ұйымдастырушылары

Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р. Р. дайындады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *