«Жастар және діни экстремизм мәселелері» семинары
- admin
- 16.03.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
13.03 күні СИБ-2 тобында «Жастар және діни экстремизм мәселелері» тақырыбында семинар өтті. Оған 25 студент қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар жастар арасында экстремистік идеялардың таралу себептерін талқылап, сыни ойлау мен ақпараттық сауаттылықтың маңыздылығын атап өтті. Семинар ашық пікір алмасу форматында өтіп, студенттер өз ойларымен бөлісіп, жастар арасындағы радикалданудың алдын алу жолдарын қарастырды.
Іс-шара студенттердің хабардарлығын арттырып, қоғамдық қауіпсіздік пен конфессияаралық келісім мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.

Дайындаған: Вдовиков А.А., тарих пәнінің оқытушысы.


