Костанайский политехнический высший колледж студенттері Коллектор фильмін «Стоп-сталкинг» тақырыбы аясында тамашалады

Костанай политехникалық жоғары колледжінде жастар арасында қауіпсіз және саналы медиаорта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. «Стоп-сталкинг» профилактикалық бастамасы аясында студенттерге жеке шекара, жауапкершілік және цифрлық қысымның салдары туралы ой қозғайтын «Коллектор» психологиялық фильмін көру ұсынылды.

Бұл бастама студенттер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды: жастар фильмді белсенді түрде көріп, өз әсерлерімен бөлісе бастады. Көптеген студенттер фильм қоғам пікірінің қысымы, әлеуметтік желілердің әсері және сөздің күшi туралы терең ойлануға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Фильмнен кейін топтарда талқылаулар өткізіліп, студенттер өз ойларымен бөлісіп, жеке кеңістікті құрметтеу, сыни ойлау және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлықтың маңыздылығы туралы пікір алмасты.

Мұндай кинопросмотрлар колледждің жақсы дәстүріне айналуда: кино арқылы студенттер күрделі тақырыптарды талқылап, өз көзқарастарын қалыптастырып, эмпатияны дамытады. Алдағы уақытта өзекті әлеуметтік мәселелерге арналған фильмдерді көру мен талқылау жалғасады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries