“Қазақстан шекарасын қорғау”

Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметінің академиясы колледж түлектері арасынан оқуға түсетін үміткерлерді қабылдауды жүзеге асырады. Осыған байланысты 2026 жылғы 13 ақпанда Қостанай политехникалық жоғары колледж 3–4 курс студенттері үшін «Мен неге шекара қызметінің офицері болғым келеді?» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге ҰҚК Қостанай облысының шекара қызметінің Департаментінің өкілдері шақырылды: тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің бастығының орынбасары, капитан Құдияров Жасұлан Мұхтарұлы және кадрлар бөлімінің офицері, лейтенант Жалелов Ерасыл Сұлтанович.

Іс-шара жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметінің академиясына, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасы жоғары оқу орындарына түсуге үміткерлерді іріктеу мақсатында ұйымдастырылды. Басым міндеттердің қатарында мерзімді және келісімшарт бойынша әскери қызметті насихаттау, қазақстандық шекарашының беделін арттыру және оң имиджін қалыптастыру бар.

Студенттер алдында сөз сөйлеген Жасұлан Мұхтарұлы мен Ерасыл Сұлтанович Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметінің академиясы Шекара қызметі үшін, сондай-ақ ҰҚК-нің басқа да бөлімшелері мен органдары үшін «Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің қызметтік-жауынгерлік қызметін басқару» мамандығы бойынша офицерлік кадрлар даярлайтынын айтты.

Сонымен қатар, кездесу қатысушыларына шекара бағытындағы жоғары оқу орындарына қабылдау ережелері мен түсу тәртібі, шекара органдарында қызмет өткеру перспективалары, сондай-ақ әскери қызметшілерге берілетін әлеуметтік кепілдіктер туралы ақпарат ұсынылды.

Ақпаратты АӘжТД педагог-ұйымдастырушылары

Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р. Р. дайындады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

172 queries