- admin
- 09.02.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2026 жылғы 6 ақпанда Заречное ауылында «Sport Life» ДСК базасында Қостанай облысының «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары арасында кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 37 жыл толуына арналған әскери қоян – қолтық ұрысы бойынша облыстық турнир өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында әскери борыш пен Отанға адалдық туралы түсінік қалыптастыру, әскери-патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ спорттық шеберлік деңгейін арттыру.
Облыстық турнирге 14 команда қатысты, оның ішінде Қостанай политехникалық жоғары колледжі студенттерінен құралған «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының командасы да болды. Жарыс ережесіне сәйкес команда құрамына 13 адам кірді (15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер). Олар А-3, М-12, М-13, М-14, ПО-10, ЭС-25, М-16, ХП-27, Б-4 топтарының студенттері.
Жарыс әскери қоян-қолтық ұрыс ережелеріне сәйкес олимпиадалық жүйе бойынша өткізілді және жеке әрі командалық есепті қамтыды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеке есепте «Жас сарбаз» ӘПК студенттері келесі нәтижелерді көрсетті: Аношкин Иван – I орын, Науразбаев Ринат пен Мухамбет Айдар – II орын, Бязиев Илез және Кулмагамбетов Мадияр – III орын.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және медальдармен марапатталды.
Ақпаратты дайындағандар: АӘжТД педагог-ұйымдастырушылары Нурканов М.К., Фатхудинов Р.Р.







