«Мерген шебі»

2026 жылғы 3 ақпанында Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжінің базасында Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару Күніне арналған «Мерген шебі» атты пневматикалық винтовкадан оқ ату бойынша қалалық жарыстар өтті.

Жарыстың негізгі мақсаты – қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, ел тарихына және жауынгер-интернационалистердің ерлігіне құрмет қалыптастыру, сондай-ақ болашақта әскер қатарында қызмет етуге қажетті дағдыларды дамыту болды. Сонымен қатар, облыстық деңгейдегі келесі жарыстарға қатысу үшін ең жақсы дайындалған қатысушыларды іріктеу маңызды міндеттердің бірі саналды.

Аталған іс-шараға 7 әскери-патриоттық клуб қатысты, олардың қатарында Қостанай политехникалық жоғары колледжінің «Жас Сарбаз» ӘПК құрамындағы студенттер де болды. Ереже бойынша команда құрамы 7 адамнан: 5 адам (16–17 жастағы ұлдар) және 2 адам (16–17 жастағы қыздар) тұрды. Бұл ТЗ-30, Б-8, ХП-27, М-16 топтарының студенттері.

Жарыс бағдарламасына 10 метр қашықтықтан №8П нысанаға ВП-I жаттығуы бойынша пневматикалық винтовкадан ату кірді. Қатысушылар екі жаттығу орындады: тірекпен тұрып (немесе отырып) ату және тірексіз тұрып ату.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жиналған ұпайлардың жалпы саны бойынша анықталды.

Жарыс қорытындысы бойынша “Жас Сарбаз” ӘПК командасы қатысқаны үшін грамотамен марапатталды. Жеке есепте Лисовец Артем 3-орынға ие болды.

Жарыс тартысты әрі достық жағдайда өтті. Әрбір қатысушы өз мүмкіндіктерін барынша көрсетуге тырысып, төзімділік, дәлдік пен сабырлылық танытуға ұмтылды.

Ақпаратты дайындағандар: АӘжТД педагог-ұйымдастырушылары Нурканов М.К., Фатхудинов Р.Р.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

171 queries