Қостанай қаласындағы №15 орта мектепте кәсіптік бағдар беру кездесуі
- admin
- 30.01.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
Кәсіби бағдар беру жұмысы — бұл адамның қызығушылықтарын, қабілеттерін, құндылықтарын және еңбек нарығының сұранысын ескере отырып, мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесуге бағытталған іс-шаралар мен әрекеттер жүйесі.
2026 жылдың 30 қаңтарында Қостанай қаласындағы №15 орта мектепте 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған маңызды кездесу өтті. Колледж оқытушылары Ахметжанова Д.К., Амирхамзина Б.К. мектепке барып, оқушылармен әңгімелесті.
Шара аясында мектеп оқушыларына мемлекеттік тілде оқытылатын колледж мамандықтары туралы толық және мазмұнды ақпарат берілді.




