- admin
- 16.01.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
Тәрбие жұмысының жоспарын іске асыру және «Sanaly urpaq» ерікті-патриоттық клубының қызметі аясында КПВК колледжінде білім алушылар арасында академиялық адалдық қағидаттары туралы студенттердің хабардарлық деңгейін және білім беру ортасындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің бар-жоғын анықтауға бағытталған анкеталау жүргізілді.
Анкеталауға колледждің әртүрлі курстарында оқитын студенттер қатысты. Сауалнама анонимді түрде өткізіліп, білім алушылардың оқу үдерісіндегі адалдық, әділдік және жауапкершілік мәселелерін қабылдауына қатысты объективті көзқарас қалыптастыруды мақсат етті.
Анкеталау қорытындысы бойынша студенттердің басым бөлігі академиялық адалдық ұғымымен таныс екені, оның маңызын түсінетіні және білім беру ортасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне жол берілмейтінін түсінетіні анықталды. Жалпы алғанда, білім алушылар колледжде сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелмегенін атап өтіп, оқу үдерісі ашықтық пен әділдік қағидаттарына негізделгенін көрсетті.
Өткізілген анкеталау студенттер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жалпы деңгейін анықтауға мүмкіндік беріп, «Sanaly urpaq» клубы қызметі аясында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастырудың маңыздылығын растады.
Аталған іс-шара білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, академиялық адалдық нормаларын сақтауға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және «Адал ұрпақ» бастамасының құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.
Ақпаратты дайындаған:
«Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі
Вдовиков А.А.
#адал_азамат #саналы_ұрпақ


