2026 жылғы 09 қаңтарда СИБ-2 және М-16 топтарында «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстардың қауіптілігі» тақырыбында лекция өткізілді.

Қазіргі таңда жастар интернет кеңістігін белсенді пайдалануда. Интернет оқу мен қарым-қатынас жасауға кең мүмкіндіктер бергенімен, сонымен қатар елеулі қауіптерді де қамтиды. Әсіресе жастардың санасын манипуляциялауға, құндылықтарды бұрмалауға және қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталған экстремизм мен терроризм идеяларын тарататын интернет-ресурстар ерекше қауіп төндіреді.

Лекция барысында әлеуметтік желілер мен онлайн-платформалар арқылы жастарды экстремистік және террористік ұйымдарға тартудың негізгі тәсілдері, қауіпті контенттің белгілері, сондай-ақ оған қарсы іс-қимыл шаралары мен цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық ережелері қарастырылды. Ерекше назар сыни ойлауды дамытуға, ақпаратты таратудағы жауапкершілікке және Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын сақтауға аударылды.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, деструктивті идеологияларға қарсы тұру қабілетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу және интернет-ресурстарды саналы түрде пайдалануға баулу.

Ақпаратты дайындаған тарих пәнінің оқытушысы:
Вдовиков А.А.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

173 queries