- admin
- 26.12.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 25 желтоқсанда колледжде Жаңадан бастаған педагогтер мектебінің (ЖБП) кезекті отырысы өтті, онда оқытушылар жұмысының психологиялық аспектілері қаралды.
ЖБП жетекшісі Каркабатова С.Э. ” Кәсіби күйіп кету дегеніміз не? Тақырыбына әңгіме өткізді, бұл жас педагогтердің психологиялық сауаттылығын арттыруға, эмоционалды тұрақтылық дағдыларын дамытуға және кәсіби қызметке оң көзқарасты қалыптастыруға ықпал етті. Алынған білім мен практикалық ұсыныстар эмоционалды денсаулық пен кәсіби мотивацияны сақтау үшін күнделікті педагогикалық тәжірибеде тиімді пайдаланылуы мүмкін.
Отырыста колледж психологы Т. В. Науменко, “Жас педагогтің эмоционалды күйіп кетуінің алдын алу” тақырыбында бірнеше тренингтер өткізді. Тренинг жас оқытушыларда эмоционалды күйіп кетуінің себептері мен белгілерін түсінуді қалыптастыруға, сондай-ақ оның алдын алу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тренинг барысында психолог барлық қатысушылардың белсенді қатысуына ықпал ететін қолайлы және сенімді атмосфера қалыптастырды.
ЖБП жетекшісі Қарқабатова С.Э.



