Әскери қызмет және оның преспективалары

2025 жылғы 23 желтоқсанда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын оқуларын тәмәдайтын топтардың студенттерімен, сондай-ақ жоғары әскери оқу орындарына түсуді жоспарлап отырған білім алушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілдері шақырылды: ТӘҚЖ бөлімшесінің бастығы лейтенант Бурумбаев А. Е. және әскерге шақыру бөлімінің АӘжТД және ӘТМ жөніндегі инспекторы Абильгазина Г. Б.

Іс-шара барысында Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың өкілдері әскерге шақырудың тәртібі мен мерзімдерін, әскерге шақырылушылардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде мерзімді әскери қызметті өткеру ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес медициналық куәландырудан өту, әскерге шақыруды кейінге қалдыру және одан босату мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар студенттерге мерзімді әскери қызметшілерге берілетін әлеуметтік кепілдіктер, әскер қатарында қызмет өткергеннен кейін оқуды жалғастыру және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, сондай-ақ әскери қызметтің тұлғалық және кәсіби дамуға тигізетін артықшылықтары туралы мәлімет берілді.

Білім алушылар Қазақстан Республикасындағы орта арнаулы және жоғары әскери оқу орындары, сондай-ақ аталған оқу орындарына қабылдау және түсу ережелері туралы ақпарат алды. Жастарға презентациялар мен бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық буклеттер таратылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті: студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды белсенді түрде қойып, Қорғаныс істері жөніндегі басқарма өкілдерінен жан-жақты жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық борышты орындауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпаратты дайындағандар: АӘжТД педагог-ұйымдастырушылары

Нурканов М.К., Фатхудинов Р.Р.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries