- admin
- 17.11.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
14 қараша күні Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Қазақстан жолы: бейбітшілік, келісім және жасампаздықтың 30 жылы» атты интеллектуалды ойын өтті. Іс-шараның мақсаты — елдегі бейбітшілік пен келісім құндылықтарын насихаттау, ұлтаралық татулықты нығайту, сондай-ақ жастардың Қазақстан тарихына және Ассамблея қызметіне деген қызығушылығын арттыру.
Интеллектуалды ойын бірнеше кезеңнен тұрды. Сұрақтар Қазақстан тарихы, мәдениеті, ұлттық саясат, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы рөлі тақырыптарын қамтыды. Қатысушылар өз білімін, талдау қабілетін, логикалық ойлауын және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.
Біздің колледж намысын келесі студенттер қорғады:
- Адебиет Сабина,
- Нұрбаева Аружан,
- Салим Мерей,
- Ковалева Мария,
- Тулкенова Адель.
Студенттер белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға сенімді түрде жауап берді, Қазақстан дамуының негізгі кезеңдері, мемлекеттік рәміздер және елдегі этносаралық келісімнің мәні жөнінде терең білімдерін дәлелдеді. Олардың дайындығы мен қатысуы ұйымдастырушылардың және қатысушы командалардың жоғары бағасына ие болды.
Мұндай шаралар жастардың патриоттық сезімін, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруда, көпұлтты қоғамға деген құрметін арттыруда маңызды рөл атқарады. Біздің студенттердің ойынға қатысуы — олардың білімін көрсетуімен қатар, тәжірибе алмасуға, ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік берген құнды іс-шара болды.
Колледж студенттеріне белсенділігі мен оқу орнымыздың абыройын асқақтатқан үшін зор алғыс білдіреді!
Алдағы бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!
Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы #адал_азамат



