«Жастар және армия: рух пен патриотизм бірлігі»

2025 жылдың 12 қарашасында Шығармашылық үйінде колледж студенттерінің Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының өкілдерімен кездесуі өтті, ол «Біртұтас ел – Біртұтас жер» акциясына арналды.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жағымды имиджін көтеру және әскери қызметтің беделін арттыру, сондай-ақ жастарды әскери борышын орындауға және әскери-патриоттық тәрбиеге ынталандыру.

Бұл іс-шараға Қостанай политехникалық жоғары колледжінің М-16, ЭС-25, ПО-11, Э-16, СИБ-2, Б-8, Б-9 топтарының студенттері қатысты.

Кездесу барысында Ұлы Отан соғысында қазақстандықтардың ерлігіне  арналған музей экспозициясы таныстырылды. Студенттердің ерекше қызығушылығын атқыш қару экспозициясы тудырды, мұнда олар қару-жарақ үлгілерімен танысты.

Сонымен қатар, қатысушыларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметіне арналған бейнеролик көрсетілді, ол әскери қызметтің маңыздылығын және армияның қазіргі даму бағыттарын ашып көрсетті. Орталық өкілдері азаматтық жауапкершілік пен Отанға сүйіспеншілікті қалыптастыруда әскери-патриоттық тәрбиенің рөлі туралы баяндама жасады, әскери қызметтен өту тәртібі мен елдің әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.

Кездесу бағдарлама бойынша шығармашылық ұжымның қоюлуымен концертпен аяқталды. Онда патриоттық әндер мен қазақстандық жауынгерлердің ерліктері туралы өлең жолдары орындалды.

Ақпаратты дайындаған: АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушылары  Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р.Р.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries