«Аспандағы ерлік – ұрпаққа өнеге»

2025 жылдың 5, 6 қараша аралығында Қостанай политехникалық жоғары колледжінде Ұлы Отан соғысы ұшқыштарының ерліктеріне арналған «Әуе сұңқарлары» атты ерлік сабағы өтті.

Іс-шараның мақсаты – азаматтықты, отансүйгіштік сезімді және Отанға адалдықты тәрбиелеу, сонымен қатар тарихи жады мен жауынгерлік дәстүрлерді сақтау болды.

Ерлік сабағы СТ-9 және ЭС-25 топтарының студенттері үшін өткізілді. Қатысушыларға 200-ден астам шайқасқа қатысқан қазақстандық атақты ұшқыштар – Талғат Бигелдинов, Леонид Беда және Иван Павлов туралы бейнематериалдар көрсетілді.

Сондай-ақ студенттер 37 жау ұшағын жеке және топтық ұрыстарда атып түсірген ұшқыш-истребитель Сергей Луганскийдің ерлігімен танысты. Көрсеткен батырлығы мен ержүректігі үшін бұл ұшқыштар екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған.

Сабақ барысында студенттер қызығушылықпен сұрақтар қойып, толық жауаптар алды. Батырлардың ерліктері туралы әңгіме үлкен әсер қалдырып, тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығын еске салды.

Бүгінгі ұрпақ та өз ата-бабаларының ерлік өнегесіне сүйене отырып, қазіргі жағдайда батылдық пен өжеттілік танытып, отансүйгіштік пен жауынгерлік достық дәстүрлерін жалғастырып келеді.

Ақпаратты дайындаған: АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушылары  Фатхудинов Р.Р., Нұрқанов М. Қ.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries