- admin
- 05.11.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 5 қараша күні Қостанай политехникалық жоғары колледжінде студенттердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған профилактикалық дәріс өтті.
Мақсаты: білім алушылардың физикалық және психологиялық денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыру, зиянды әдеттер мен тәуелділіктердің алдын алу, жауапты мінез-құлық пен өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту.
Кездесудің спикерлері – «Жастар MED» жастар денсаулық орталығының мамандары:
- Нұрахметова Жансая Таттиғалиевна, терапевт-дәрігер;
- Ақанова Жазира Ахметқалиевна, психолог.
Кездесу барысында «Лудомания. Тәуелділік психологиясы» және «Вейпинг» тақырыптары қарастырылды. Спикерлер тәуелділіктің психологиялық және физиологиялық қырлары, оның жастардың мінез-құлқына және денсаулығына әсері туралы баяндады. Ерекше назар профилактикалық шараларға, психологиялық тепе-теңдікті сақтау тәсілдеріне және салауатты әдеттерді қалыптастыруға аударылды.
Іс-шараға 1ПО-10 тобының студенттері қатысып, белсенділік танытты, сұрақтар қойып, талқыланған тақырыптар бойынша өз ойларымен бөлісті.
Мұндай кездесулер білім алушылардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыруға, олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына және өмірлік басымдықтарын саналы түрде айқындауына ықпал етеді.
Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы #адал_азамат



