Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері — Республика күніне арналған бейнероликтер байқауының жүлдегерлері

Қостанай қаласында Қазақстан Республикасының күніне арналған бейнероликтер байқауы өтті. Іс-шараны Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен «Жанашыр бол» қоғамдық қоры бірлесе ұйымдастырды. Жоба мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылуда: «Қостанай қаласында ҚР Мемлекеттік рәміздерінің имиджін ілгерілету».

 Жобаның мақсаты — жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілік пен мемлекеттік рәміздерге құрметті нығайту.

Байқауға Қостанай, Рудный, Жітіқара және облыстың өзге де аудандарынан 80-ге жуық бейнеролик келіп түсті. Қатысушылар шығармашылық нөмірлерін, патриоттық роликтерін және туған жер бойынша шағын экскурсияларын ұсынды.

Үшінші орын және 30 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық Қостанай политехникалық жоғары колледжінің шығармашылық ұжымына бұйырды. Өз бейнеролигінде студенттер жас ұрпақтың дәстүрге адалдығын және Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосып жатқан үлесін көрсетті.

Колледж студенттерін лайықты жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!

Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы #адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries