- admin
- 24.10.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 22 қазанда Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжінің базасында Қостанай қаласының әскери-патриоттық клубтары арасында Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекелерінің бірі – Республика күніне арналған дәстүрлі садақ атудан жарыс өтті.
Жарыстың басты мақсаты – жастардың патриоттық тәрбиесін нығайту, ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі ретінде дәстүрлі қазақ садағын насихаттау, сондай-ақ болашақ Отан қорғаушылардың дене дайындығы мен моральдық-жігерлік қасиеттерін дамыту болды.
Турнирге Қостанай облысының 4 әскери-патриоттық клубы қатысты, олардың қатарында Қостанай политехникалық жоғары колледжінің «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының студенттері де болды. Жарыс ережесіне сәйкес, команда құрамы 4 адамнан тұрды (3 ер бала және 1 қыз бала). Олар ТЗ-30 және Б-6 топтарының студенттері.
Қатысушылар жеке біріншілік бойынша сынға түсті. Ату 15 метр қашықтықта, диаметрі 50×50 см нысанаға жүргізілді. Әр қатысушыға 3 жаттығу және 5 есептік жебе берілді, ату уақыты – 2 минут.
Жарыс қорытындысы бойынша «Жас Сарбаз» клубының студенттері қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.
Ақпаратты АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушылары
Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р. Р. дайындады.





