«Жастықтың жарқын сәттері!» — «Шабыт» жобасы аясындағы фотокөрме

6–15 қазан аралығында Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Жастықтың жарқын сәттері!» атты фотокөрме өтті. Іс-шара «Шабыт» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты — өмірге төзімді көзқарасты қалыптастыру, қоршаған ортаға жан-жақты әрі оң қатынас орнату, сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Фотокөрмеге келесі топтардың студенттері белсенді қатысты: 1ПО-11, 1А-4, 1Э-16, 1СИБ-1, 1Б-8, 1ХП-27, 1ТЗ-31, 1М-16, 2Б-7, 2А-3, 2М-13, 2ТЗ-30, 2ПО-9, 3ЭС-23, 3Б-5, 3ПО-6.

Көрмеде колледж студенттерінің белсенді, шығармашылық және позитивті өмірін бейнелейтін жарқын әрі әсерлі фотосуреттер қойылды. Әр сурет — жастық шақтың шабытқа, жігерге және жақсылыққа ұмтылысқа толы кезең екенін дәлелдей түсті.

«Шабыт» жобасы талантты, креативті және бастамашыл студенттерді біріктіріп, олардың әлеуетін ашуға және жаңа жетістіктерге жетелеуге мүмкіндік беріп келеді.

Қазылар алқасының құрамына кірді:
• Науменко Татьяна Викторовна — педагог- психолог

• Қайырғалиқызы Нұрсамал педагог- психолог

• Муслимова Елена Александровна — әлеуметтік педагог

Көрме қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:

  • 1 орын — тобы 1Э-16 (жетекшісі Вдовиков Андрей Андреевич);
  • 2 орын —тобы 1ТЗ-31 (жетекшісі Жангабылова Назгуль Даулетқызы);
  • 3 орын —тобы 1М-16 (жетекшісі Кужахметова Анар Жетписовна).

                   Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы

#адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

174 queries