КПВК студенттері «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысты

15 қазан күні Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері Республика күніне орай ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткен сенбілікке белсене қатысты.

Іс-шара колледж аумағын және оған іргелес аумақты көріктендіру мен тазалық жұмыстарын жүргізуге бағытталды. Сенбілікке қатысушылар ынтамен шығып, қоқыс жинап, түскен жапырақтарды сыпырып, жасыл аймақтарды ретке келтірді.

Мұндай акциялар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеуге ықпал етеді.

Дюсекеева Л.К., зам. директора по УВР

#адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

174 queries