Қазақ тілінде

«Энергия және бақылау: өміршеңдік пен күйзеліске төзімділікті белсендіру» тренингі өткізілді

 14 қазан 2025 жылы колледжіміздің 2Б-6 тобының студенттерімен заманауи форматтағы психологиялық тренинг өтті. Тренингтің тақырыбы – «Энергия және бақылау. Өміршеңдік пен күйзеліске төзімділікті белсендіру».

Мақсаты – студенттердің өзін-өзі реттеу қабілетін, ойлау икемділігін, күйзеліс кезінде сергектікті сақтай білуін және командалық бейімделу дағдыларын дамыту.

Тренинг барысында келесі 6 мазмұнды блок қамтылды:

  1. Энергияны диагностикалау – «Эмоциялар бағдаршамы», метафоралық айсбрейкер арқылы қатысушылар өз күйлерін зерттеді;
  2. Күйзелісті жылдам еңсеру – тыныс алу, жағымсыз ойды қайта жазу сынды практикалық әдістер игерілді;
  3. Стратегия және ресурстар – «Бақылау картасы», «Менің күштерім», «Адасу техникасы» арқылы ішкі әлеуетпен жұмыс жүргізілді;
  4. Икемділік пен бейімделу – күтпеген жағдайлардан артықшылық табу, сенім ойындары ұйымдастырылды;
  5. Жүктемені басқару – «АВС сұрыптау», «Жеңістер банкі», болашаққа хат арқылы мотивация күшейтілді;
  6. Ментальдік сүзгі – ақпараттық уланудың алдын алу жолдары қарастырылды, «Ой мәзірі» талданды.

Тренинг соңында студенттер рефлексия жасап, өздеріне маңызды құралды таңдап жазды. Қатысушылар тыныс алу техникасынан бастап ментальдік иммунитетке дейінгі көптеген практикалық дағдыларды меңгерді.

Тренинг қатысушылардың қызығушылығын оятып, психологиялық тұрақтылықты дамытуға бағытталған маңызды тәжірибе болды.

Ақпарат дайындаған:                               топ кураторы Ш.Б. Ескалиева


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries