СТ-8 тобының колледж аумағындағы сенбілігі

Бүгін СТ-8 тобының студенттері колледж аумағында өткен сенбілікке белсенді қатысты. Іс-шараның мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін, қоршаған ортаға ұқыпты көзқарасын және еңбекке жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.

Сенбілік барысында қатысушылар аумақты тазалап, жапырақтарды жинап, колледждің жасыл аймағын абаттандырды. Жұмыс көтеріңкі көңіл-күймен, ұйымшылдықпен өтті. Студенттер бастамашылдық пен жауапкершілік танытып, нағыз командалық рух көрсетті.

Мұндай іс-шаралар колледждің көркіне көрік қосудың ғана емес, сонымен қатар студенттерге табиғатты аялау мен еңбекті қадірлеуді үйретудің тамаша үлгісі болып табылады.

Сенбілік топ кураторы Маканова Г.И. басшылығымен өткізілді.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

176 queries