Колледж студенттері игі істерін жалғастыруда!

10 ақпан куні Қостанай политехникалық жоғары колледжінің волонтёрлері жалғыз тұратын әжейдің үйіне барып, үй шаруасына көмек көрсетті.
Жастар үйді жинап, ауласын ретке келтіріп, әжеймен әңгімелесіп, қамқорлық пен көңіл бөлді.

Бұл іс студенттер үшін ізгілік пен мейірімділіктің көрінісі, сондай-ақ үлкенге құрмет пен қолдау көрсетудің тамаша мүмкіндігі болды.
Әжей волонтёрлерге жасаған көмектері мен шынайы ниеттері үшін алғысын білдіріп, осындай ықыласты да ізетті жастарды қабылдағанына қуанышты екенін айтты.

                   Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы

#адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

176 queries