- admin
- 09.10.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
9 қазан күні Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында 1-курс студенттері арасында «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» тақырыбында дебаттар өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізе білуге үйрету және жастардың азаматтық белсенділігін қалыптастыру.
Дебат барысында қатысушылар адамның өміріндегі күш пен білімнің маңызы туралы пікір алмасты. Бірі физикалық күштің қиындықтарды еңсерудегі рөлін атап өтсе, екіншілері қоғамның дамуы мен жетістігіне білімнің ықпалын дәлелдермен қорғады.
Пікірталас достық әрі танымдық атмосферада өтті. Әрбір қатысушы өз эрудициясын, сыни ойлау қабілетін және қарым-қатынас мәдениетін көрсете білді.
Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы #адал_азамат



