- admin
- 08.10.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
Қостанай политехникалық жоғары колледжінде 7 қазан күні 2ПО-8 тобында «ЭНЕРГИЯ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ. ӨМІРШЕҢДІК ПЕН СТРЕССКЕ ТӨЗІМДІЛІКТІ БЕЛСЕНДІРУ» атты тренинг өтті. Тренинг интерактивті форматта өтті. Мысалы “Энергия көздері” жаттығуында
қатысушылар өздерінің энергия көздерін анықтап, оларды қалай толықтыратынын талқылады. Эмоциялық және физикалық энергияны сақтау тәсілдері айтылды. Іс-шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, түрлі психологиялық жаттығулар мен топтық тапсырмаларды орындады.
Өткізілген тренинг колледж жастарының тұлғалық дамуына оң әсер етті. Мұндай психологиялық бағыттағы шаралар студенттердің оқу процесінде мотивациясын арттырып, эмоционалды саулығын сақтауға мүмкіндік береді.
Тренинг соңында студенттер өз ой-пікірлерін бөлісіп, тренингтің пайдалы болғанын атап өтті. Көпшілігі өзін жақсырақ түсінуге, ішкі энергияны бақылауға және стресске қарсы тұруға қатысты жаңа білім алғандарын айтты.





