- admin
- 07.10.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
7 қазан күні ПО-12 тобы үшін «Энергия және бақылау. Төзімділік пен күйзеліске қарсы тұруды белсендіру» атты психологиялық тренинг өтті.
Сабақ интерактивті форматта өтіп, студенттер өз эмоцияларын басқаруды, ішкі ресурстарын қалпына келтіруді және қиын жағдайларда сабыр сақтауды үйренді.
Бағдарламада өзін-өзі реттеу, ойлау икемділігін және командалық бейімделуді дамытуға арналған жаттығулар қамтылды. Қатысушылар «Эмоциялар бағдаршамы» секілді ойын түріндегі тапсырмаларды орындап, «Сабыр якорі» мен «Бақылау картасы» сияқты практикалық тәсілдерді меңгерді.
Тренинг барысында студенттер өздерінің жеке ресурстарын анықтап, өмірлік қиындықтарды жеңуге көмектесетін «суперқабілеттерін» талқылады.
Сабақ соңында рефлексия өткізілді: әр қатысушы өзіне көмектесетін нақты тәсілді таңдап, оны күнделікті өмірде қолдануға уәде берді.
Шара жылы әрі қолдаушы атмосферада өтіп, студенттерге күш-қуат пен өзіне деген сенімділік сыйлады.





