- admin
- 02.10.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
1 қазан – Қарттар күні қарсаңында Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері «Қоғамға қызмет ету» атты волонтерлік қозғалысы аясында игі іс-шара өткізді.
Волонтерлер жалғыз басты әжелерді мерекемен құттықтап, оларға көңіл бөліп, жылулық сыйлады. Студенттер үй шаруасына көмектесіп, аула жұмыстарын жасап, үй ішін жинастырып, азық-түлік апарып берді. Бірақ ең бастысы – олар шын жүректен әңгімелесіп, қамқорлық пен қолдау көрсетті. Бұл қарт жандар үшін аса қажет болатын.
«Қоғамға қызмет ету» волонтерлік акциясы тек игі іс қана емес, сонымен бірге жастарға мейірімділік пен ізгіліктің сабағы болып, өзгеге көмектесу мен үлкендерді құрметтеу – басты адами құндылықтар екенін еске салды.
Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы
#адал_азамат



