Репродуктивтік денсаулықты қорғау

2025 жылғы 26 қыркүйекте акт залында «Ерте жүктіліктің алдын алу. Контрацепция әдісін таңдау» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәрістің мақсаты – жастарға репродуктивтік денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, қалаусыз жүктіліктің алдын алу және аборттың мүмкін болатын салдары жөнінде ақпарат беру. Іс-шараға колледждің 268 студенті қатысты.

Студенттер алдында №5 емхананың акушері Луиза Исаевна Гадиева сөз сөйледі. Ол аборттың физиологиялық және психологиялық салдары туралы айтып, әйел ағзасына әсерін және болашақтағы асқынуларды атап өтті. Сондай-ақ дәрігер контрацепция мәселелеріне тоқталып, заманауи алдын алу әдістерін түсіндірді және денсаулыққа саналы көзқарастың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Қостанай политехникалық жоғары колледжінің әлеуметтік педагогы Е.А. Муслимова «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына байланысты қылмыстардың алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде осы мәселеге қатысты құқықтық аспектілерді, жауапкершілік шараларын және мораль мен заңға саналы көзқарас қалыптастырудың маңызын түсіндірді.

Дәріс студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Іс-шара соңында қатысушылар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Мұндай кездесулер жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал етіп, ойланбай жасалған шешімдердің теріс салдарының алдын алудың маңызын ұғындырады.

 Сейдахметова Ж. Ж., педагог-ұйымдастырушы

#адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries