«Менің жетістігім – менің нәтижем» дебаттары

25 қыркүйек 2025 жылы Еңбек күніне орай Костанай политехникалық жоғары колледжінде «Менің жетістігім – менің нәтижем» атты дебат ойыны ұйымдастырылды. Іс-шара «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында өтті.

Дебатқа түрлі мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер қатысып, өз ойларын еркін жеткізіп, пікірталас мәдениетін көрсетті. Талқылау барысында жастар еңбек құндылығы, жетістікке жету жолдары мен өз нәтижесін бағалай білудің маңызы жайлы ой қозғады.

Мақсаты – студенттердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, еңбекқорлыққа баулу, өз жетістіктеріне жауапкершілікпен қарауға және өмірлік ұстанымдарын айқындауға тәрбиелеу.

Бұл шара жастардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға және еңбекке деген құрметін арттыруға ықпал етті.

Сейдахметова Ж.Ж., педагог-ұйымдастырушы

#адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries