Көшбасшылар мектебі Қостанайда өтті

2025 жылдың 23 қыркүйегінде «Золотой Фазан» демалыс базасында облыс колледждері студенттеріне арналған Көшбасшылар мектебі өтті. Іс-шараны Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мен «Социум & Я» ҚБ ұйымдастырды. Бағдарламаға 330-дан астам студент пен волонтёр қатысты.

Қатысушылар – студенттік парламент төрағасы мен сегіз фракцияның жетекшілері: құқық пен тәртіп, ақпарат, спорт және салауатты өмір салты, өзін-өзі тану мен бақыт, қамқорлық (волонтёрлік), мәдениет пен өнер, дебаттар, экология мен еңбек.

Күн бойы тренингтер, шеберлік сағаттары мен дөңгелек үстелдер өтті: студенттер дебат пен мәдени шараларды ұйымдастыруды үйреніп, мобилографияны меңгерді, волонтёрлік, экология, құқықтық сауаттылық және салауатты өмір салты жайында ой бөлісті.

Түстен кейін қатысушылар квестке қатысып, жас көшбасшылармен «Табыс тарихы» кездесуінде жүздесті. Соңында сертификаттар табысталды.

Қостанай политехникалық жоғары колледжін белсенді студенттер абыроймен таныстырды: Мырзаохмедов Мұхамедәлі, Дёмин Данил, Құсайынов Нұрсұлтан, Вольтер Артём, Попова Маргарита, Кузьменко Глеб, Печерских Злата, Мұратов Мансұр және Жақанова Аделина.

Көшбасшылар мектебі тәжірибе алмасудың, көшбасшылық қабілетті дамытудың және студенттік бастамаларды қолдаудың алаңына айналды.

Сейдахметова Ж.Ж., педагог-ұйымдастырушы

#адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

174 queries