Студент-еріктілер FANFESTKST2025 фестивалін ұйымдастыруға өз үлестерін қосты

2025 жылдың 20 қыркүйегінде Қостанайда поп-мәдениет жанкүйерлеріне арналған ең жарқын оқиғалардың бірі – FANFESTKST2025 фестивалі өтеді. Қала тағы да аниме, сериалдар, дорамалар, ойындар мен кино жанкүйерлерінің басын қосатын орталыққа айналады.

Фестиваль шығармашылықты, косплейді және тікелей қарым-қатынасты біріктіріп, әрбір қонаққа сүйікті әлемінің бір бөлігі болуға мүмкіндік береді.

Фестиваль бағдарламасында:

  • Косплей-шоу – дефиле, сахналық көріністер, би қойылымдары және арнайы «зұлым кейіпкерлер» номинациясы;
  • Фотозоналар – жарқын суреттерге арналған стильді алаңдар;
  • Жәрмеңке – авторлық бұйымдар, мерч және жергілікті шеберлердің сувенирлері;
  • Фудкорт – тақырыптық тағамдар мен сусындар;
  • Интерактивті аймақтар – квиздер, ойындар, сайыстар және түрлі белсенділіктер;
  • Хедлайнерлер мен қонақтар – танымал тиктокерлермен, әртістермен және фандом мәдениетінің өкілдерімен кездесу.

Фестивальдің ұйымдастырушысы – өңірдегі серіктестер мен шығармашылық бастамалардың қолдауымен «Энканто еріктілер командасы» еріктілер ұйымы.

Фестивальдің еріктілері қатарында Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері болды: Мария Ковалёва (Б-5), Глеб Кузьменко (Э-15) және Оспан Ұлжан (ПО-7).

Ал колледждің мәртебесін көтерген студент – Рамазан Юлдашев, ол косплей-шоуға қатысып, жүлделі орынға ие болды.

Сейдахметова Ж.Ж., педагог-ұйымдастырушы

#адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries