- admin
- 23.09.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылдың 20 қыркүйегінде Қостанай гуманитарлық колледжінде Қостанай облысы колледждерінің студенттері арасында дебаттық турнирдің алтыншы кезеңі өтті. Турнир Лига аясында ұйымдастырылып, өңір жастары үшін маңызды интеллектуалдық алаңға айналды.
Дебаттар Британдық парламенттік форматта (БПФ) қазақ және орыс лигаларында өтті. Турнирдің басты мақсаты – дебаттық қозғалысты дамыту, студенттердің азаматтық белсенділігі мен толеранттылығын арттыру, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру болды.
Турнирге облыс колледждерінің екі спикерден құралған командалары қатысты. Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері – Карина Құсейбаева (ПО-4 тобы) мен Мансур Мұратов (СИБ-2 тобы) өз оқу орнын абыроймен қорғап, 1-орынды иеленді.
Ұйымдастырушылар қатысушылардың дайындық деңгейінің жоғары екенін, өз ұстанымдарын дәлелдеп, сауатты қорғау қабілеттерін және жастардың азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне деген қызығушылығын атап өтті.
Колледж студенттерінің бұл жеңісі өңір жастарының қоғамдық өмірге белсенді араласуға, көшбасшылық қасиеттерін танытуға және демократиялық құндылықтарды қалыптастыруға дайын екендігінің айқын дәлелі болды.
Сейдахметова Ж.Ж., педагог-ұйымдастырушы
#адал_азамат




