Кураторлық сағат

2025 жылғы 23 қыркүйек күні «Машина жасау технологиясы» мамандығының 1 курс, 1М-16 тобы студенттері үшін «Адамның репродуктивті денсаулығы» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

Іс-шара әңгіме және викторина түрінде өтті. Студенттер репродуктивті денсаулық ұғымымен танысып, оны сақтауға әсер ететін факторларды, сондай-ақ өз болашағына және отбасы құруға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын талқылады. Әсіресе салауатты өмір салты, жеке гигиена, отбасын жоспарлау және репродуктивті құқықтарды сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Топтық жұмыс барысында студенттер әртүрлі өмірлік жағдайларды талдап, құқықтар мен міндеттерді салыстыруды үйренді, өзгенің пікірін құрметтеуге және саналы таңдау жасауға дағдыланды.

Кураторлық сағат студенттерде еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтарын тәрбиелеуге, сондай-ақ денсаулық пен кәсіби болашақты сақтаудағы жеке жауапкершілікті түсінуге ықпал етті.

Ақпаратты дайындаған: Қужахметова А.Ж.

#адал_азамат

Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries