Назар аударыңыздар, студенттер! Қауіпсіздік сабағы: «Алаяқтардан сақ болыңыз!»

23 қыркүйекте бірінші курс студенттері үшін ақпараттық ортадағы қауіпсіздікке арналған маңызды қауіпсіздік сабағы өтті. Іс-шара жастарға бағытталған алаяқтық әрекеттерінің жиілеуіне байланысты ұйымдастырылды.

Жаңа оқу жылы басталғаннан бері алаяқтар жаңа схеманы қолдана отырып, белсендірек әрекет етуде. Олар студенттер мен олардың отбасыларына мұғалім немесе оқу орнының қызметкері ретінде қоңырау шалып, “электрондық күнделікті жаңарту” немесе басқа да техникалық қажеттіліктерді желеу етіп, SMS-тен бір реттік құпия кодтарды сұрайды.

Шын мәнінде, бұл кодтар алаяқтарға “Электрондық үкімет” жүйесіндегі аккаунттарға, онлайн-банкингке немесе ата-аналарының банк шоттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Алаяқтардың тұзағына түспес үшін не есте сақтау керек:

  • SMS-тегі кодтарды ешкімге хабарламаңыз: Ешбір нағыз оқытушы немесе оқу орнының қызметкері сізден немесе сіздің ата-анаңыздан құпия кодтарды сұрамайды.
  • Ақпаратты қайта тексеріңіз: Егер сізге қоңырау шалса, тұтқаны қоя салып, ресми нөмір бойынша деканатқа немесе топ жетекшісіне қайта қоңырау шалғаныңыз абзал.
  • Қырағы болыңыз: Алаяқтар сенімге кіру үшін әлеуметтік инженерия әдістерін қолдануы мүмкін. Олардың манипуляцияларына жол бермеңіз.
  • Бұл туралы жақындарыңызға айтыңыз: Ата-аналарыңызбен, әжелеріңізбен және аталарыңызбен ақпаратпен бөлісіңіз, олар да жаңа алаяқтық схемаларынан хабардар болсын.

Қауіпсіздік сабағы — бұл жай ғана дәріс емес. Бұл біздің цифрлық әлемдегі қауіпсіздігіміз ең алдымен өзіміздің қырағылығымыз бен жауапкершілігімізге байланысты е


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

174 queries