«Есірткіге жоқ!» акциясы

2025 жылдың 19 қыркүйегінде Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Есірткіге жоқ!» атты акция өтті. Іс-шара жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында «Біз біргеміз» волонтёрлік қозғалысының ұйымдастыруымен өткізілді.

Акция барысында волонтёрлер ақпараттық буклеттер дайындап, есірткі заттарын қолданудың зиянды салдары туралы әңгімелеп, сондай-ақ жастар арасында өзекті болып отырған мәселені бейнелейтін әлеуметтік роликтер көрсетті.

Іс-шарада жауапкершілік, дұрыс таңдау жасау және денсаулықты сақтау тақырыптарына ерекше көңіл бөлінді. Студенттер пікірталасқа белсене қатысып, сұрақтар қойып, әркімнің есірткінің таралуына қарсы күреске қосатын үлесі жайлы ойларымен бөлісті.

«Есірткіге жоқ!» акциясы тәрбиелік жұмыстың маңызды бөлігіне айналып, жастардың бірлігін көрсетті. «Біз біргеміз» волонтёрлік қозғалысының жастары болашаққа қамқорлық әрқайсымыздан басталатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ақпаратты дайындаған: педагог-психолог Қайырғалиқызы Н

#адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

170 queries