- admin
- 18.09.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылдың қыркүйек айының басында студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Sanaly urpaq» ерікті-патриоттық клубының жұмыс жоспары аясында 1-курс оқу топтарында клубтың жаңа мүшелерін салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттерді белсенді азаматтық ұстанымға тарту, жастар арасында адалдық, әділдік және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын дамыту.
Кездесу барысында клубтың негізгі бағыттары таныстырылды:
▪ білім беру ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
▪ ағартушылық және ақпараттық іс-шаралар ұйымдастыру;
▪ студенттердің адамгершілік құндылықтарын нығайту.
Клуб мүшелерінің әрқайсысының адал және ашық студенттік ортаны қалыптастырудағы жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша бірінші курс студенттері «Sanaly urpaq» клубының жұмысына белсенді қатысуға және әділетті қоғам құруға өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпаратты дайындаған: «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі – Вдовиков А.А.
#адал_азамат




