- admin
- 16.09.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 15–16 қыркүйекте Қостанай политехникалық жоғары колледжінің спорт алаңында дәстүрлі «Денсаулық күні» өтті. Іс-шараға бірінші курс студенттері қатысты. Шараның мақсаты – студенттерді дене шынықтыру-сауықтыру жұмысына тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, жарыстарға қатысатын спортшыларды дайындау және жастарды жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен айналысуға баулу болды.
Ашылу салтанатында колледж директорының міндетін атқарушы Щербакова Ирина Альбертовна және гироспорттан халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері, ауған соғысының ардагері, спорт ардагері Блинов Сергей Николаевич құттықтау сөз сөйледі.
Студенттер келесі спорт түрлері бойынша бақ сынасты: турникке тартылу, жылдамдық-күш эстафетасы, орнынан ұзындыққа секіру, велоэстафета, арқан тарту және эстафета 4х200 (ұлдар), 4х100 (қыздар). Барлығы 364 студент белсенді қатысты.
Жарыс қорытындылары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
| Ұлдар: Турникке тартылу 1 орын – ПО-10 тобы – 103 ұпай 2 орын – ЭС-25 тобы – 98 ұпай 3 орын – М-16 тобы – 90 ұпай | Қыздар: Жылдамдық-күш эстафетасы 1 орын – Б-9 тобы – 182 ұпай 2 орын – ХП-27 тобы – 165 ұпай 3 орын – ТЗ-31 тобы – 154 ұпай |
| Эстафета «Рукоход» 1 орын – ПО-10 тобы – 48 сек. 2 орын – Э-16 тобы – 56 сек. 3 орын – М-16 тобы – 57 сек. | Орнынан ұзындыққа секіру 1 орын – ТЗ-31 тобы – 773 см 2 орын – ХП-27 тобы – 770 см 3 орын – СТ-9 тобы – 739 см |
| Велоэстафета 1 орын – М-16 тобы – 1.14.6 2 орын – СИБ-1 тобы – 1.19.0 3 орын – Э-16 тобы – 1.24.3 | Велоэстафета 1 орын – Б-9 тобы – 1.25.9 2 орын – СТ-9 тобы – 1.35.6 3 орын – ТЗ-31 тобы – 1.44.9 |
| Арқан тарту 1 орын – М-16 тобы 2 орын – Э-16 тобы 3 орын – ЭС-25 тобы | Арқан тарту 1 орын – ХП-27 тобы 2 орын – Б-9 тобы 3 орын – ТЗ-31 тобы |
Шишкин В.В, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы
#адал азамат



