«БІЗ БІРГЕМІЗ!» волонтерлік қозғалысының алғашқы отырысы
- admin
- 10.09.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылдың 10 қыркүйегінде Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «БІЗ БІРГЕМІЗ!» волонтерлік қозғалысының алғашқы отырысы өтті.
Отырыс барысында қатысушыларға эмпатияны дамытуға, командада жұмыс істеуге және жеке құндылықтарын айқындауға арналған психологиялық жаттығулар өткізілді. Жастар «болашақ волонтер қандай болу керек?» деген сұраққа жауап іздеп, мейірімді, ашық, сенімді әрі қиындықты еңсере алатын тұлға болу керектігін атап өтті.
Бұл алғашқы отырыс «БІЗ БІРГЕМІЗ!» қозғалысының ынтымаққа негізделген жылы әрі сенімді орта екенін көрсетті. Мұнда әр студент өз қабілетін ашып, адамдарды түсінуді үйреніп, ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Ақпаратты дайындаған: педагог-психолог Қайырғалиқызы Н
#адал_азамат





