Мемлекеттік тіл- ұлт тірегі!

2025 жылғы 4 қыркүйекте Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Тілдер мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызын насихаттау, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру және тілге деген қызығушылық пен ынтаны күшейту. Дөңгелек үстелде  колледж оқытушылары:

  • Бексултанова А. К. – «Колледжде қазақ тілін оқыту мен қолданудың өзекті мәселелері»,
  • Журсиналина Г. С. – «Кәсіби модульдерді мемлекеттік тілде оқыту («Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы мысалында)»,
  • Сейткалиева А. К. – «Есеп және аудит» мамандығы бойынша қазақ тілінде кәсіптік пәндерді оқыту ерекшеліктері» тақырыптарында баяндама жасап, өз ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы және қоғам қажеттілігі екенін атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік тілді барлық салада кеңінен қолданып, оның аясын кеңейту әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы екендігіне ерекше тоқталды.

Колледж әдіскері Казиева У.Ж.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries